Оралда тұрғын үйлердің бірінен 15 метр қашықта сібір жарасымен ауырғандардың қорымы табылды

Оралда екі тұрғын үйге жақын маңда сібір жарасымен ауырғандардың қорымы табылды. Біріншісі тұрғын үйлердің бірінен 15 метр қашықта орналасқан, екіншісі болса тұрғын үйден 50 метр қашықта орналасқан. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Әділхан Сабуров мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.nur.kz. Бүгінде облыста 222 сібір жарасымен ауырған мал қорымы тіркелген. Сонымен қатар 2017-2023 жылдар аралығында елді мекенннің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды қоршауға алу үшін бюджеттен мүлдем қаражат бөлінбегені анықталған. Әділхан Сабуровтың айтуынша, мал қорымдарының басым бөлігі заң талабына сай болмаған, нысандар қарапайым құрылған. Оралда бірінші сібір жарасы қорымы тұрғын үйлердің бірінен 15 метр қашықта, екіншісі тұрғын үйден 50 метр қашықта орналасқан. Ал 83 метр қашықта Дерқұл ауыл округі әкімдігінің ғимараты бар. Басылым Сабуровтың сөзіне сүйеніп жазуынша, Сырым ауданында 32 қорымда мүлдем қоршауы, я болмаса қандай да бір ескерту белгілері болмаған. Сондай-ақ Мұндай мысалдар көптеп кездесетінін атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы. Одан бөлек басылым мәліметіне сүйенсек, сібір жарасымен ауырып өлген мал қорымдары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмаған жағдайда олар аса қауіпті объектілер қатарына кіреді. Мұндай қорымдарда санитариялық қауіпсіз аймағының қашықтығы 1000 метрден кем болмауы керек. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды