3 гектар аумақты қамтыған тұрмыстық қатты қалдықтар полигонындағы өрт бықсып жатыр. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталмыш өрт кеше кешкісін басталған еді. «Қазіргі кезде шамамен 3 гектар аумақта қоқыс бықсуда. «Жайық таза қала» ЖШС-ның теңгеріміндегі полигонның жалпы ауданы – 9,7 гектар, қоқыстың аумағы – 5 га. Полигондағы өрт бүгін сағат 03.22-де оқшауланды. Оны сөндіруге ТЖ департаментінен 92 адам, 12 техника, полиция департаментінен 4 адам, 2 техника, «Жайық таза қала» ЖШС-дан 23 адам, 23 техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 техника, экология департаментінен 3 адам, 1 техника қатысуда», - деп хабарлады ведомстводан.