Оралда үш автокөлік соқтығысып, 3 адам зардап шекті

Орал қаласында 3 автокөліктің соқтығысуынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 17 ақпан күні сағат шамамен 20.00-де Зачаган мен Деркөл кенттерінің арасындағы айналма жолда болды. «Нефтэк» жанар-жағар май станциясының маңында 29 жастағы жүргізуші «Форд» автокөлігімен Саратов трассасына қарай келе жатып, «ВАЗ-21124»-пен (рульде 35 жастағы жүргізуші болған) соқтығысуға жол берген. Бұл екі көлікке 1971 жылы туған жүргізуші айдап келе жатқан «Skania» жүк көлігі түйіскен. Салдарынан үш адам түрлі жарақат алды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі жұмыс жасады. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол жүру ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, аталмыш оқиға салдарынан осы маңда жол кептелісі орын алды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға орнына жедел жәрдем сағат 19.37-де шақыртылып, бригада 8 минуттан кейін жетті. Алдын ала мәлімет бойынша 1970 жылы туған әйел, 1993 және 1987 жылы туған ер адамдар бас пен мидың жабық жарақатын алды. Оған қоса әйелдің миы шайқалған. Барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қалаулымға» қатысып танымал болған қазақ файтері қырғыз қарсыласынан оңбай жеңілді (ВИДЕО)
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек»: Мақпал Жүнісова желіде тараған видеосы туралы айтты
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Абай облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды