Оңай олжа табуды көздеген үш жігіт автокөліктерден аккумулятор мен автомагнитола, көлік иесіне тиесілі жеке заттарды ұрлаған. Олар алдымен жеке аулада тұрған «Ауди» көлігінің салонына кіріп, аккумулятор мен 10 литрлік темір канистрді олжалапты.Ертесіне тағы бір көліктің магнитофон, аккумулятор, 2 дана дыбыс зорайтқыш, артық дөңгелек сынды бұйымдарды үптеп кеткен. Полиция күдіктілерді алысқа ұзатпады. Олар жасаған қылмысын бірден мойындады. Осылайша олардың үш күнде 13 рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Олар ұрлаған барлық жеке мүлік түгелдей тәркіленді. Қылмыстық істі тергеу барысында күдіктілердің есепке алынбағаны, бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабының 3 бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды.