Оралда XIX ғасырдың аяғында салынған көппәтерлі үйдің төбесі опырылды

Оралда екі ғасыр бұрын салынған қосқабатты үйдің төбесі опырылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Бірақ осы үйде тұрған отбасы енді қайда барарын білмей дал. Мұндағы өзге тұрғындар да үреймен күнелтіп отыр. Олардың айтуынша, әкімдіктен ескі ғимарат орнына жаңасын салып беруді сұрағанымен мәселе әлі шешілмеген.Жұмыстан келген Бауыржан Құсанәлиев баспанасының тас-талқан болғанын көріп естен тана жаздаған. әйтеуір Оқыс оқиға кезінде  бала-шағасы үйде болмапты. Кейін 6 жасар баласын бірден ауылдағы туыстарына жіберген. Ал әйелі екеуі осында тұруға мәжбүр. "Құлағандарының бәрін жинап, есік алдына шығарып тастадым. Заттарымды ана жаққа кіргізіп. Әкімдікке бардым. Ол "төбені мен жауып бермеймін ғой" дейді. Солай айтты. Сөйтіп, шығарып салды, болды", - дейді қала тұрғыны Бауыржан Құсанәлиев. Пушкин көшесінде орналасқан бұл үй XIX ғасырдың аяғында салынған екен. Мұнда 11 пәтер бар. Небір тарихи кезеңдерге куә болған ғимараттың қазіргі кейпі жарылыстан зақымданған нысанға ұқсайды. "Қабырғалар жарылып жатыр. Енді төбесі құлап жатыр солайымен. Өз күшімізбен су өткізген болатынбыз, газ өткізген болатынбыз. Мынандай апаттыболғасын кейбіреулер пәтерге шығып кетіп жатыр, басқа пәтер жалдап", - қала тұрғыны Гүлмайра Нұғманова. Қазір қалада 55 көппәтерлі үй апатты деп танылған. Алайда ол тізімде дәл осы екі ғасыр бұрын салынған нысан жоқ болып шықты. Мамандар ғимараттың апатты жағдайда екенін дәлелдеу үшін алдымен тұрғындар ортақ құжат жасатуы керек екенін айтады. "Үйдің иелері өздері бірігіп, аккредитацияланған компаниялар арқылы осы үйді апаттық деп тану керек. Содан кейін біздер реновация бағдарламасымен жұмыс жасай аламыз. Бұл бағдарлама бойынша осы апатты үй кейбір компанияларды қызықтырса, онда осы жерге жаңа тұрғын үй салады", - дейді қалалық реновация бөлімінің басшысы Бағдат Рафаил. Шаһарда реновация бағдарламасы шеңберінде 4 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Оларды жыл соңына дейіп тапсыру жоспарда. Тағы 5 үй көп ұзамай сүріледі. Ал өзге баспаналардың тұрғындары кезегін сарыла күтуге мәжбүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты