Оралдағы өртенген мектептің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр

Оралда отқа оранған мектеп-лицейдің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 66 жастағы азамат түтінге тұншығып қалған. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр.Қызыл жалын ғимарат ішіндегі 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір бүлінген жер қоршауға алынып, мектепте сабақ тоқтатылды. Бүгіннен бастап білім ошағындағы 26 кластың бәрі де онлайн оқу режиміне көшіріліпті. Онлайн-сабақтың қашан аяқталары әзірге белгісіз. Мектеп басшылығы анықтаушылардың шешімін күтіп отырғанын айтады. Әлия ДҮЙСЕҒАЛИЕВА, №28 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 5-сыныптың кабинеті өртенген. Қасында тұрған ағылшын тілі кабинеті өртенді. Төбе мен жар күйе-күйе. Кабинеттің парталары өртеніпті. Жоғарыдағы шамдарының бәрі. Әзірге тілсіз жау электр желісінің қысқа тұйықталуынан болған деген болжам айтылып отыр. Яғни, мектеп күзетшісі электр қуатын ажыратпақ болған кезде токқа соғылған. Түтінге тұншығып, уланған оған жедел көмек көрсетіліп, сыртқа шығарылған. Қазір мектепке қанша шығын келгені анықталып жатыр.Мереке ЖҰМАҒАЛИЕВ ОБЛЫСТЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Өртті жоюға Департаменттен 54 адам жеке құраммен 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен оған кінәлі тұлғаларды және материалдық шығынды анықтау бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр. Е. Карин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда мұздан сырғанау кезінде екі қыз есінен танып қалды
Қазақстанның екі облысында жоғалып кеткен малшылар табылды
«Оларды сөкпейміз»: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова желіде бірге видео жариялады
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін