Оралдағы ойын алаңында 7 жастағы бала саусағынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.Жеті жасар баланың кішкентай саусағы "Сарытау" ықшамауданындағы балалар алаңында орналасқан сырғанақтың ағаш тақтайы мен темір қаңылтыры арасында қалып қойған.Оқиға туралы жергілікті қоғам қайраткері Бауыржан Ахметжан мәлімдеді. Оның айтуынша, темір тіректердің жылжуына байланысты саңылау пайда болған. "Әкімдіктің кінәсі деп санаймыз - олар өз нысандарын бақылаусыз қалдырып, тіпті оларды жөндемейді. Ата-аналар да балалар ойын алаңын мұқият қарап шықпай, абайсыз әрекет етеді", - деді Бауыржан Ахметжанов. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бала түскен кезінде жағдайы орташа ауыр болғанын хабарлады. Балаға саусағын кесіп, дезартикуляциялау операциясы жасалған.