Оралдағы спорт нысандары мүгедектерге лайықталмаған - “AMANAT”

Оралда облыстық мәслихаттың депутаты қаладағы спорт залдарына кіре алмай жүр. Өйткені бұл ғимараттар арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықталмаған. Мүгедектер өздерінің құқығы ескерілмейтініне өкпелі. Жүріп-тұруы қиын жандарға пандусы биік ғимаратқа кіру оңай емес. Ішке кірсе де, киім ауыстыратын жер, санитарлық бөлме мүлдем қолайсыз. Ал көзі көрмейтін мұңлықтарға арналған тактильді жолақ туралы айтудың өзі артық. “AMANAT” партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ұйымдастырған рейд кезінде осындай кемшіліктер анықталды.Гүлмира БАТПАҚҰЛОВА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "АРБА" ҚБ ТӨРАҒАСЫ:Бизнес саласы, кафе де бар. Дүкендер де бар, медицина саласы, спорт саласы, барлық жерде кездеседі. Парковка жоқ, мына жерден түсетін жері жоқ, келгенде кіреберісте мынау пандус та емес, скат та емес, стандартқа сәйкес келмейді. Оның бәрі де мүмкіндігі шектеуле жандарға кедергі болады. Мониторинг тобы анықтаған кемшіліктер ұсынба түрінде осы мекеменің басшылығына жіберіледі. Осыдан кейін бұл нысандар тағы да тексеріледі. Бұл жолы сыннан сабақ алмаған кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту мәселесі қарастырылады. Тексерушілер енді мұндай рейдтерді облыс аудандарында жүргізуді жоспарлап отыр.Азима ҒҰБАШЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:Спорт кешендеріне келетін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қызметкерлердің ақпаратты қаншалықты білетіндігі, сонымен бірге олардың қажеттілігін қанағаттандыру бағытындағы біліктілігі жөнінде де өзіміздің тарапымыздан ұсынбалар береміз. Мониторинг барысындағы кемшіліктер жөнінде ұсынбалармен қатар құзырлы мекемелерге де хаттамалық шешімдерді жолдайтын боламыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте бес ай бұрын пайдалануға берілген үйлер бүлініп жатыр (ВИДЕО)
Нариман Құрбанов әскерилерге шеберлік сағатын өткізді
ТЖМ құтқарушылары Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған жүргізушіні құтқарды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады