Оралдық 2 жасар сәби қос жанарынан айырылуы мүмкін

Орал қаласындағы екі жасар Илья Смирновқа тезірек операция жасалмаса, көзі мүлдем көрмей қалуы мүмкін. Бірақ отаның өзі оңай емес. Ресейлік дәрігерлер ол үшін 2 миллион теңге сұрапты. Амалы таусылған отбасы қажет қаржыны қайдан табарын білмей қазір дағдарып отыр.Ұлының саулығын уайымдаған Галинаның сарсаңға түскеніне 2 жылдан асқан. Айтуынша, дүниеге келген кезде баласы жарықты елемейтінін, тіпті екі көзінің көлемі әртүрлі екенін байқапты. Осыдан кейін офтальмолог нәрестенің оң жақ көзі «туа біткен глаукома» деген диагноз қояды. Галина ЛАПИНА-СМИРНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Дәрігер бізге ем қонбайтынын, баламның мәңгі соқыр болып қалатынын естігенде зәреміз кетті. Осыдан кейін жанұшырып, аурухана жағаладық. Кейін нақты диагноз қойылғасын, Алматыдағы көз аурулары институтына барыңдар деді. Бірақ Алматыдағылар бүкіл ем-домды ақылы жасап, емделуге бірнеше рет келуін айтқан. Бірақ қайта баруға отбасының шамасы келмейді. Осыдан кейін кішкентай Ильяға Санкт-Петерборда операция жасалады. Дегенмен дәрігерлер әлі дәрменсіз. Жанна МУРСЕНОВА, №1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өте қиын ауру деп айтамын енді. Туа біткен ауруды өзіңіз білесіз... наблюдение, әрі қарай может быть... қазір біз ештеме айта алмаймыз туа біткен ауру болғандықтан. Динамикалық қабылдаумен қаралып, көз дәрігері мен учаскелік дәрігерге қаралуына болады. Бірақ операциядан кейін де нәресте жүрер жолын көрмей, сүрініп құлай берген. Дәрігерлер тағы да операция жасау керек деп отыр. Бірақ отбасының Ресейге тағы баруға жағдайы жоқ. Галина өзі жетім өскен, жолдасының жалақысы мардымсыз, отбасының қажеттілігінен артылмайд. Оралдықтардың көмегімен 900 мың теңгедей жылу жиналған. Бірақ бұл ақша да жетпей тұр. Галина ЛАПИНА-СМИРНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Жерлестерімнен ұлыма көмектесуін сұраймын. Көп түкірсе көл болар деген. Операцияға қажет ақшаны жиналар деген үмітімізді үзбей, 1-наурызға пойызға билет алдық. Біздің небәрі 8 күн уақытымыз қалды. Ильяның көзі көрмегені аздай, орталық жүйке жүйесі зақымданған, өзге де дерттері бар. Осының кесірінен суық тиіп, жиі ауырады екен. Бірақ ата-анасы Ильяның зағип болып қалуына жол бермей, тым болмаса, оң көзін аман алып қалғысы келеді. Нәрестеге қол ұшын берем десеңіз, Галина Лапина-Смирнованың нөміріне ақша аударуға болады: +7 747 194 12 12

Читать источник astanatv.kz/kz/
Черчесов ағынан жарылды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды