Оралдық "Ақжайық" футбол клубы жабылып қалуы мүмкін

Оралда жарты ғасырлық тарихы бар "Ақжайық" футбол клубы жабылып қалуы мүмкін. Бүгін клуб басшылары қаржылай қолдау болмаса, банкроттықтың ауылы алыс емес екенін мәлімдеді. Бұған дейін кәсіпқой футболшылар мен балалар футболын дамыту үшін жергілікті бюджеттен 1 миллиард 100 миллион теңге жыл сайын бөлініп келген. Соңғы жылдары бұл сома 400 миллион теңгеге дейін қысқартылыпты. Енді клуб бұл ақшадан да қағылып отыр. Осының салдарынан ойынымыз сүреңсіз болып, жеңілістен көз ашпадық, деп күйінеді бапкерлер. Белшеден қарызға батқан клубтың стадионы да жоқ. Әкімдік сенімгерлік басқаруға берілген бұл нысанды халықаралық стандартқа сай емес деп қайтарып алыпты. Жағдай өзгермесе, облыс намысын қорғап жүрген, 52 жылдық тарихы бар клубтың құрдымға кетуі мүмкін, дейді басшылары. Гүлдария КАУИЕВА, “АҚЖАЙЫҚ” ФК ПРЕЗИДЕНТІ:4 жылдың ішінде 800 миллион өзімнің қалтамнан салынды. 20 шақты тренеріміз қысқарды, 400 баламыз қысқарып қалды былтырғыдан биылға. Тренерлеріміз бар, футболшыларымыз бар, бес ай күтіп, қазір маған мүмкіндік беріп... Ол деген футболға деген қызығушылықтары өздерінің. Ал спорт саласына жауапты шенеуніктер биыл клубқа көк тиын бөлінбейтінін кесіп айтты. Өңір футболын дамытуға арналған конкурс биыл екі рет ойнатылған. Бірақ "Ақжайықтың" өкілдері салғырттық танытыпты. Жеңіс НЫҒМЕТУЛЛИН, БҚО СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Қазір бюджеттік әкімшілердің шығыстары қайта қаралуда. 400 млн тг бөлінбейді. Ендігі жылы тағы да 400 млн теңгені жоспарлап отырмыз. Футболға бөлуге. Яғни, біз болдық, футбол осымен бітті деген әңгіме жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді