Оралдық әйел сәбиін неге қоқысқа тастағанын айтты

Орал қаласында қоқыс жәшігіне баласын тастап кеткен әйел оқиғаны баяндап берді деп хабарлайды turkystan.kz.Анасының айтуынша, ол баласын моншада жалғыз өзі босанған. Әйел төртінші жүктілігін ата-анасынан жасырған. Ол екі жыл бұрын күйеуімен ажырасқан деп жазады sputnik.kz.Күйеуі бала тәрбиесіне көмектеспеген, бірақ алимент төлеп тұрған. Ажырасқалы бері келіншек ата-анасымен бірге пәтер жалдап тұрған. Үш баласы кішкентай болғандықтан жұмыс істеуге мүмкіндік болмаған. Әйелдің айтуынша, қайын енесімен тіл табыса алмаған. «Мен төртінші жүктілігім туралы білгенімде, кездесіп жүрген жігітіме мән-жайды баяндадым. Ол мені тыңдамастан, телефон тұтқасын қоя салды. Кейіннен маған білгеніңді істе деді. Мен ата-анама айтудан қорықтым. Менің жүктілігімді емханадағы акушер ғана білетін. Ол түсік жасатуға кел деді, бірақ мен бара алмадым», – дейді әйел. Айтуынша, әйелдің баласын өлтіру туралы ойы болмаған. Толғағы қысқан кезде әке-шешесі мен балалары ұйықтап жатқан. «Мен жалдап тұрып жатқан үйдің иесінен моншаға түсіп алайын деп сұрадым. Толғағым қысқан кезде моншаға бардым. Өзім босанып, кіндігін өзім кесіп, баланы шомылдырдым. Сыртқа шығып, баланы қоқысқа апармас бұрын біраз ойландым. «Не істесем екен?» деп басым қатты. Ол уақыт таңғы сағат 04:00 шамасы болатын. Не істеп, не қойғанымды білуге мұршам болмады», – дейді әйел. Әйел жасаған ісіне өкінетінін және барлық баласын өзіне қайтарғысы келетінін айтады. Болған оқиғадан кейін оның үлкен балалары әкесінде қалса, қоқыс жәшігінде қалдырылған баласы Балалар үйінде. Ол балалар үйіндегі ұлына бірнеше рет барған, бірақ баланы көрсетпеген. Қазір әйел жасаған қылмысы үшін сотты күтіп жүр. Соттан кейін қамқоршылық органдары нәрестенің болашақ тағдырын шешеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сапалы спорт мамандары тапшы
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді