Оралдағы дәмханада болған жарылыста жараланғандардың жағдайы өте ауыр. Үйіндіге айналған кафенің астынан шығарылған 4 адам қазір жансақтау бөлімінде. Ажал аузынан қалған тағы бір азамат ауруханада ем-дом алып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, дәмханада дәм-тұзы таусыла жаздағандардың екеуі - Өзбекстан азаматы, қалғандары Орал қаласының тұрғындары. Жарылыстың күшті болғаны соншалық екі қабатты ғимараттың сау-тамтығы қалмаған, тіпті қасында бес қабатты үйдің терезелерін қиратып, маңайдағы автокөліктерді зақымдады. Түн ортасынан бері сыртта жүрген тұрғындар үйіне кіруге қорқып қалған. Ерлан ТОҚСАНОВ, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біреуінде екіжақты пневмаоторокс және оң жақ иығының ортан белінен сынуы, сонымен қатар төртеуінде де жабық ми жарақаттары. Өте қатты күйік шалған. Күйіктің аумағы 52-15 пайызға шейін төртеуінде. Өртке қарсы қызмет өкілдері тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтаған. Үйіндінің астынан 3 адамның денесі табылды. Дегенмен қирандының астында тағы да адамдар болуы мүмкін. Қазір оларды иісшіл иттер іздестіріп жатыр. Бірақ екі қабатты ғимараттың үйіндісін толық аршу әлі мүмкін болмай тұр. Рашит БІЛӘЛОВ, БҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ғимараттың астында тағы да адам бар деген күман бар. Болжам бойынша газ смесьтің жарылысы болды. Ол жаңағы неден жарылыс болғаны соны анықтап жатырмыз.