Оралдық ғалымдар киіктің генетикасын зерттеп жатыр. Бір қызығы, Қазақстанды мекендейтін ақбөкендердің үш популяциясына мұндай зерттеу бұрын-соңды жүргізілмеген. Тыңнан түрен салған ғалымдар киіктің гендік құрылымына баға беріп, гендік қорының әртүрлілігі бойынша ғылыми тұжырымдама жасамақ. Бұл үшін Бетпақ дала, Үстірт және Жайық бойындағы ақбөкендердің биологиялық үлгісі алынған. Зерттеушілердің айтуынша, киік саны көп болғанымен, қаны араласпай, өзара туыстық жақындық көбейіп кетсе, ауру-сырқау жиілеуі, тіпті жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан ветеринариялық қауіпсіздікпен қатар, бұл жануарларды гендік тұрғыдан зерттеу өте маңызды дейді. Бұл жұмыстар келер жылы аяқталады. Әзірге бөкендерді тексеретін маркердің орнына қой мен түйенің чипі қолданылып жатыр. Өйткені бұл хайуандар өзара ұқсас болып келеді екен. Индира БЕЙШОВА, СЫНАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Киіктерге арнайы жасау үшін ДНК-маркерлерді іріктеп алу керек. Ал қазіргі таңда ондай маркерлердің дайын чипі болмағандықтан, яғни, біз жаңағы оларға ДНК-сы жағынан ұқсас малдарды алып зерттеп жатырмыз. Кейін сол жерден киіктердің маркерлері бар участоктерді іріктеп алып, ол болашақта ғылыми тұрғыда бір жаңалығы деп айтуға болады, яғни, осы киіктерге арналған арнайы чиптер жасауға болады.