Оралдық көпбалалы отбасының үйі өртеніп, далада қалды

Оралда көпбалалы отбасының үйі өртеніп, далада қалды. Бір сәтте баспанасынан айрылған мұңлықтарды көршілері паналатып отыр. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Үй иесі Қайырболат Нұрмұхановтың айтуынша, тілсіз жау таңғы сағат төртте бас көтерген. Бұл кезде шырт ұйқыда жатқан өздерін көршілері оятып үлгіріпті. Қызыл жалын алдымен гараждағы көлікті шарпыған. Іле-шала қонаққа келген туысының да темір тұлпары отқа ораныпты. Баспанасының бір сәтте жалын құшағында қалғанын білген үй иелері бес баласын көрпеге орап, терезеден шығып бас сауғалаған.Гүлайым МОЛДАБАЕВА, ТҰРҒЫН:Балалардың мектепке апаратын екінші аяқ киімі, жеңіл аяқ киімдерінің бәрі өртеніп кетті. Үш кішкентайымның аяқ киімдері өртеніп кетті. Үй деген еді тұруға жарамайды. Ремонтқа келмейді. Төбесінің бәрі суға кетті. Су шашқанда осылай болды. Бізге енді бір көмек керек. Не істерімізді білмейміз. Машина да кредитте, үй де мынау кредитке салынған. Шатыры жарым-жартылай өртенгенімен, бұл үй тұруға жарамсыз. Іште қалған дүние-мүлік те бүлінген. Қиын жағдайда қалған отбасыға қазір көрші-көлем, оралдықтар болып жылу жинап жатыр. Ал мектеп басшылығы балаларын онлайн оқуға ауыстырыпты. Заң бойынша бұл отбасыға бір реттік жәрдемақы берілгенімен, жергілікті билік далада қалдырмаймыз деп сендірді.Жандос ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ,   ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Осындай жағдай болып жататын болса, негізі заңға сәйкес бізде ешқандай көмек қарастырылмаған. Бірақ қыстың ортасы қазір, жылыту маусымының аяқталуына да 2-3 ай бар. Соның бәрін ескере келе мемлекеттік қызметкерлердің қолдауымен біз осы отбасыға 2-3 айға пәтер жалдап беруге дайынбыз. Соны ұйымдастырып жатырмыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді