Оралдық мердігер салынбаған жолға ақша алған

Оралдық мердігер салынбаған жолды құжатта салынды деп көрсетіп, мемлекеттен 44 миллион теңге алған. Бір қызығы жолға жауапты басқарма басшылары мұны тексермей, ақшасын аударып жіберіпті. Заңгер Бауырдан Зәкидің айтуынша, мердігер мекеме "Теректі-Ақсай" тас жолының жиегін тегістеуі тиіс еді. Бірақ 44 миллион теңгені алған "Айдана" компаниясы жолға 44 қапшық құм да төкпеген көрінеді. Бұл аздай былтыр жөндеген жолы жыл өтпей қайта бүлініп жатыр. Мамандардың айтуынша, бұған -құрылыс материалдарының сапасыздығы немесе технологияның бұзылуы себеп. Осы даудан кейін кәсіпкер алған қаржысын мемлекетке кері қайтарған. Бірақ жергілікті шенеуніктер оны жосықсыз мердігер деп тану туралы арызды сотқа беруге асықпапты. Енді осы олқылыққа жол берген шенеуніктер жауапқа тартылады. Бауыржан ЗӘКИ, ЗАҢГЕР: "Айдананың" жасамағанын көріп, олар сотқа бермеген. Ол үшін әкімшілік жауапкершілікті Айдар Меңеев алды. Жасалмаған жұмыс үшін 44 миллион теңге аударып жіберген. Біз оны анықтағаннан кейін "Айдана" кейін қайтарды. Бірақ енді заңсыз атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойып жіберді ғой. Оған қол қойған Әлия Қабенова деген осы басқарманың басшысының орынбасары. Енді осы тұлғаға қатысты материалдар қазір прокуратураға жолданып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды