Оралдық оқушы өз қатарласын амандаспағаны үшін ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысындағы Щапов ауылының мектеп оқушысы өз қатарласын ұрып өлтірді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, марқұм болған жеткіншек оған дұрыстап амандаспаған көрінеді. Бұған ашуланған жасөспірім бірден қол жұмсапты. Алған соққының ауыр болғаны соншалық, 9-кластың оқушысы Дияр Досқали тілге келмей қайтыс болды.Диястың айтуынша, ауыл балалары оларды оңаша жерге шақырыпты. Осыдан кейін сөзбен тиісіп, қол көтерген. Дияс ДОСҚАЛИ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ: Қасымдағы бір бөлем дұрыстап амандаспады деп 10-кластағыларға айтқан ғой мыналарды ұрыңдар, аналар дұрыстап амандаспайды деп. Сол үшін бізге келді. Мені, Диярды, сосын Айбол деген бөлемді ұрды. Мені ұрған 1-курстың студенті. Махмұд БЕКҚҰЛОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ: Әңгіменің басы бізге келгенде неге ассалумағалейкум айтпадың дегендей сөзден басталған. Қатты соққының даусы естілді дейді. содан жүрелеп отырып, сосын шалқасынан құлаған. Кінәлау қиын, бірақ жаңағы соққы жасаған баланың сондайы барын там-тұмдап естиміз. Қорғансыз балаларды осылай қорлағандар жерге құлаған Диярдың есін жиғызуға тырысады. Бірақ мұны үлкендерге айтпаған. Осы қарбалас кезде Диярды ұрған жасөспірім қашып кетіпті. Ал ата-анасына хабарласқанда бәрі кеш болды дейді туыстары. Салтанат АБАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ: Бетіне су құйғанда мұрнына су кетіп қалып, тұншығып қалды ма, дұрыс көмек бермеген басында. Жазалануы керек бәрі! 7-8 бала болған ғой. Бірақ жіберіп тұрған баланың өзі болмаған. Өзі қазір телефонын алмайды, ештеме істемей отыр. Диярдың қайғыдан қан жұтқан туыстары істің әділ тергелуін талап етіп отыр. Өйткені әлімжеттік көрсеткен оқушылардың бірі - бұрын күреспен айналысқан, ал енді бірі - студент көрінеді. Ал мектептегілер шәкірттеріміздің бәрі де үлгілі деп ақталды. Бүгінде полиция күдікті жасөспірімді ұстап, қамауға алған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бұл жағдай сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Осы құқық бұзушылықты жасады деген күдік бойынша 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Н. ұсталды, осы факті бойынша сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Осы оқиғадан кейін ауылдағы көңілді шаралардың бәрі тоқтатылған. Тіпті ертеңгі халықаралық балаларды қорғау күні де мерекеленбеуі мүмкін. Себеп біреу ғана: мәңгілік алау басында мәңгіге қиылды жас ғұмыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқашқа апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусымға дейін ашылады
Павлодарда балаларына қарыз әке ұсталды
Қосымша жұмыс істегені үшін қызметтен кетті