Оралдық оқушылар бизнес әліппесін мектепте жүріп-ақ меңгеріп жатыр. "AMANAT" партиясының "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында жасөспірімдер ұсынған ерекше бизнес идеялар іріктеліп алынды. «Мен - болашақ кәсіпкермін!» байқауы төрт жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі соңғы сынға аудан мен қала мектептерінен үздік шыққан озық жұмыстар таңдалды. Шәкірттердің қазылар талқысына ұсынған еңбектері де бірінен бірі өтеді. Бір оқушы құйрық майдан таза өнім алып, оны сатуды ұсынса, енді бірі экоөнім, биогумус өндіруді жолға қойғысы келеді. Мектепке кино қою мен чат-ботты дамытуды жоспарлағандар да қазылар алқасының көңілінен шықты. Әзима ҒҰБАШЕВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Жобаның мақсаты - оқу процесіне енген пәннен білім алатын оқушыларды жалпы болашақ кәсіпкер ретінде қалыптастыру, олардың құзіреттілігін қалыптастыру бағытындағы өздерінің практикалық жұмыстары болып табылады. Жалпы оқу процесінде бұл 10-11 сыныптарда оқылады. Әрбір оқу жылының соңында білім алған оқушылар өздерінің бизнес-жобаларын мектептің қабырғасында қорғайды. }Ұсынылған жұмыстарды сараптаған қазылар жобаның сол күйінде қалмауына ерекше назар аударды. Олардың айтуынша, бизнес жоба өзін ақтайтындай өміршең болуы тиіс. Осы талапқа сай деп танылған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жұмысы 12 жобаның ішінен топ жарған Әли Кәрімов 14 жасынан бері шаш қиюмен айналысады. Бүгінде жеке кабинет ашып үлгірген бозбала болашақта әлемге әйгілі барбер болғысы келеді. Әли КӘРІМОВ, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ:Суббота-воскресенье күндері бос уақытымда өзім ғимарат жалдап отырмын айына 25 мың теңге төлеп арендовать етіп. Сол ғимаратта қазір қиып отырмын. Өзімнің екі жылдан бері жинаған клиентурам қалыптасқан. Өзімнің клиенттерім бар тұрақты. Осы шаш қиюдың арқасында ұялы телефонымды алдым. Студент апама көмектесем постоянно, өзімнің отбасыма көмектесем. Өзімнің киім-кешегімді алам. Осы саланы дамытып жеке барбер-шоптың владельці болғым келеді.