Оралдықтар әке мен бала сайысында бақ сынады

Әке көрген оқ жонар деп баланы ат жалын тартып мінген күннен бастап, батыл, намысқой болуға баулиды. Бірақ технология дамығалы бері кейінгі ұрпақтың ұстанымы өзгерді. Теледидарға телміріп, телефонмен "достасты". Өз қызығын виртуалды әлемнен тапқан бала бүгінде ата-анадан біртіндеп жырақтай бастағандай. Осы олқылықтың орнын толтыруға тырысқан оралдықтар Ұлттық спорт күнін ерекше атап өтті. Жігіттер ұлдарына қойды қалай соятынын көрсетсе, аналары қазанға бауырсақ пісірді. Бұдан кейін әкелер мен балалар бір топқа бірігіп, түрлі сайыста бақ сынады. Әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты осылай күшейткіміз келді дейді ұйымдастырушылар. Өйткені гаджетке үйір жеткіншектерді қазір басқа нәрсемен қызықтыру қиын. Бірақ садақ тартып, мергендігін сынаған ұландардың ұлттық ойынға қызығушылығы бөлек. Олардың кейбірі ат спортымен айналысып, шабандоздықтың қыр-сырын меңгерген. Сәтқали ДЕМЕСІНҰЛЫ, БҚО "БӘЙГЕ" ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Қазіргі заманда өздеріңіз білесіздер, телефонға қарайлап өседі бала. Озық технология, копьютердің алдында отырады. Сөйтіп отырған баланы бүгін ұлтжандылыққа, әке мен баланың ортасындағы қарым-қатынасын түзеуге ұлттық спорт өзінің бір үлесін қосып, ұйымдастырылып жатыр. Атқан оғын құр жібермеген азаматтардың ұлының алдында бір мерейі өсіп қалғаны анық. Ал намысқа тырысып ләңгі тепкен, кейін аударыспақта күш сынаған жігіттер мұндай шараларды жиі өткізіп тұруды ұсынды.  Нұржан МАҒЗОМОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Кіші ұлым осы шабандоздар класына былтырдан бері қатысып жүр. Өзім басқа салада жұмыс жасасам да, бүгін ата-ана ретінде әке көрген оқ жонар деген сияқты мақсатта осы сайыстарға қатысып, жарыстарын көріп жатырмыз. Бұрын қатыспасақ та, финалда бас жүлдені жеңіп алдым. Соған қуаныштымын енді ұлыма үлгі болып.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Келес ауданында оқушыларға филлиппиндік ұстаздар сабақ өтті
Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?
ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасады
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
«Құжатым жоқ, мектепке бара алмаймын»: Желіде базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Жетісу облысында пробациялық бақылаудағы азамат кәсіп ашты
Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолы
Мектеп оқушысының әкесі балалар арасындағы жанжалға араласқан: полиция іс қозғады
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Астанада балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау ашылады
Алматының коммуналдық қызметінің қысқа дайындығы қандай