Оралдықтар аптап ыстықта екі күннен бері жарықсыз отыр

Ал Орал қаласындағы көпқабатты үй тұрғындары аптап ыстықта екі күннен бері жарықсыз отыр. Электр қуатынан тарыққандар тұрмыстық техникасының да істен шыққанын айтады. Амалы таусылған кәсіпкерлер саудасы тоқтап қалмауы үшін электр генераторымен амалдауда. Алайда тұрғындардың мұндай қозғалтқыш сатып алатын мүмкіндігі жоқ. Май шаммен жан баққан олар енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Нұргүл ИСАЛИЕВА,  ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Тоңазытқышым істен шығып, бүкіл азығым бүлінді. Құрманғазы көшесіндегі 152 және 154 үйлерде екі күннен бері жарық жоқ. Тіпті суға да түсе алмаймыз. Өйткені жарық болмағасын, су да дұрыс ақпайды. Пәтер иелері кооперативі мен қалалық жарық тарату бөліміне хабарластық. Бірақ ешқайсысы көмектеспеді. Екатерина ПТИЧКИНА, КӘСІПКЕР:Кеше пісірген тамақтың бәрін қоқысқа тастауға мәжбүрміз. Бүгінгіні де лақтыратын шығармыз. Обал! Басқа амал жоқ. Піскен тамақты көтергенімше үйіме алып кетемін. Екі күн бойы жарық болмағасын, қып-қызыл шығынға баттық. Кондиционер де, тоңазытқыш да өшіп тұр. Жағдайды бүгін түзейміз деп уәде берген жауаптылар жарықтың жиі өшуіне аптап ыстық себеп дейді. Өйткені өңірдегі электр желілерінің тозығы жеткен. Сондықтан жел күшейіп жаңбыр жауған кезде қараңғыда қалған халықтың шағымы жиілейді. Бүгінде аймақтағы электр желілерінің 80% ескі. Саланы талапқа сай қылуға кемі 160 миллиард теңге керек. Бірақ мұны облыстық бюджет көтермейді. Дегенмен төтенше жағдайларға бөлінген қаржы арқылы тозған желі көлемін азайтамыз дейді. Тілек ХАРИН, «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЭЖТК» АҚ БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:68-жылдан бастап, 85-ке дейін салынған желілер ғой, қосалқы стансалар болсын. Соның бәрі де осы қазір тозығы жетіп, қиындық әкеліп жатыр. Мына тарифпен қаралған ақша 8 теңге 02 тиын ол деген тек қана бізге қаржыға, жалақы төлеуге, 1500 адам бізде персонал облыс бойынша, соған жетеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әділ жазасын алуға тиіс: Министр Қостанайда фельдшердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді
Құдайдың ерекше сыйы
Ядролық қалдықтарды қайда, қалай сақтау мәселесі Америкада шешілмеген
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты