Оралдықтар еліміздегі ең көне саябақты сақтап қалуды сұрап отыр

Орал қаласының экологтары мен қоғам белсенділері еліміздегі ең көне саябақты сақтап, демалыс орнын талапқа сай дамытуды сұрайды. Бірақ бақты бөлшектеп үлгірген пысықтар оған мүмкіндік бермей отыр. Жергілікті жанашырлар мұның жолдарын іздестіріп, арнайы ұсыныс жасаған. Алайда мұның қашан орындалары белгісіз.Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Бұл бәйтерек - саябақтағы ең кәрі ағаш. Адам құшағы жетпейтін емен шамамен екі ғасыр бұрын отырғызылыпты. Сондықтан қазір айналасы қоршауға алынып, арнайы тақтайша да орнатылған. Он тоғызыншы ғасырда салынған саябақ төңкеріс топалаңы мен азаматтық соғысты бастан өткерген. Тіпті бертіндегі су тасқыны мен айналасын жайпаған қызыл жалыннан да аман қалыпты. Бірақ айласын асырған пысықтар көне бақты бірнеше жерден жырымдап, жекешелендіріп алған, дәмхана салған. Нұржан АЮПОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС САЯБАҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Саябақтың ішінде кейбір жері жекеге айналып кеткен екен. Бұл мәселе бойынша біздер әкімшілікке хаттама жазып, хабарлама бердік. Енді ол сұрақ бойынша жер бөлімі жер комитетімен бірлесе отырып жұмыстанып жатыр. Ал экологтар бақты талан-тараж қылуға жол бермеу үшін арнайы тұжырымдама қабылдау керек дейді. Дархан САРИЕВ, БҚО ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Негізінде орталық саябақты дамыту тұжырымдамасы болуы тиіс. Бұл құжат ресми түрде бекітіліп, көрсетілген бағыттар бойынша бақты дамыту керек. Яғни құжатта қай аумақта көкорай өсетіні, асфальттың қай жерге төселетіні, ішкі инфрақұрылымы, бәрі-бәрі ескеріліп, көрсетіледі. Бірақ бұл тұжырымдама әлі күнге бекітілмеген. Бүгінде саябаққа келушілерге түрлі аттракциондар мен сауда нүктелері қызмет көрсетеді. Ал стандарт бойынша саябақтың 10% шағын архитектуралық мүсіндер орнатылса, қалған аумағында жасыл желек жайқалып тұруы тиіс. Бірақ қара жерге шөп шығарудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені бақшаны күндіз-түні баласындай мәпелеп, маңдай терімен суғаратын бағбанның жалақысы небәрі 70 мың теңге. Борис ЛАВРЕНТЬЕВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Маман тапшылығынан саябақты талапқа сай қылу әзірге мүмкін болмай отыр. Сондықтан жұмысшылардың жалақысын көтеру керек. Бұл - үкімет деңгейінде шешілетін мәселе. Осыдан кейін орман қорын түгендеу керек. Саябақты ұстап тұру үшін жыл сайын қазынадан 60 миллион теңге бөлінеді екен. Бақтың былтырғы табысы 47 миллионнан сәл асқан. Ал мамандар бұл көрсеткішті арттыруға боларына сенімді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Астанада Олимпиада алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Жүк көлігінің жүргізушісі 8 адам қаза тапқан жол апатына кінәлі деп танылды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды