Оралдықтар көлігін заңдастыру үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында түнеуге мәжбүр

Шетелден сатып алған көлігін заңдастырмақ болған оралдықтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алдында қонып жатуға мәжбүр. Себебі ішкі істер министрлігі бекіткен мерзімнің бітуіне бір аптадай уақыт қалды. Ал көлігін рәсімдетуге тырысқан ағайын ауыл-аймақтан күн санап ағылып жатыр.Темір тұлпарын заңдастырмақ болған Әлиханға «көлігіңіз 2023 жылдың қыркүйегінде келеді» деген түсініксіз хабарлама келіпті. Бұған түсінбеген жігіт енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қақпасын күзетіп отыр. Жұртпен таласып кезек алып, алғашқылардың бірі болып кірмек. Максим ӘЛИХАНҰЛЫ, АВТОКӨЛІК ИЕСІ: 250 километр жерден жаңа келіп өшірет алайын деп тұрмыз. Осында қонайын деп тұрмыз. Енді бұлай болмауы керек қой. Бәрі өзінің талабымен өтуі керек қой. Онымен бізде мынадай боп жатыр жағдай. Машинаны 300 мыңға алдық қой. Енді 200 мыңға оформить етеміз. Сонысы қиын болып тұр. Халықта жағдай жоқ қой Айгүл АҚБАЕВА, АВТОКӨЛІК ИЕСІ: Адамдар айтып жатыр ғой үш күннен бері тұрмыз. Соның бәрін естіп, жұмыстан сұранып, ертең таңертең алтыда келем ғой, өшірет алам ғой деп ойлағам. Онымен адамдар айтып жатыр: сен түнде барып өшірет алып ал дейді. Себебі таңертең барсаң кешке дейін бітпейді шаруаң деп. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының алды қазір көлікке лық толы. Кеше түнде келгендердің алды қазір көлігін рәсімдеуге кіріссе, ұшы-қиыры жоқ кезектің соңы жаңа техникамен сәт санап толығып жатыр. Полиция дерегінше, Батыс Қазақстан облысында 200 мыңға тарта көлік тіркелген. Ал шетелдік техниканың нақты есебі жоқ. Шекарасы Ресейдің бес облысымен шектесетін оралдықтар әрісі армянның, берісі беларус, орыстың көлігін мініп жүр. Нұрлыбек РАХМАН, АВТОСАРАПШЫ: Негізі Армения мен Грузиядан әкелінген көліктердің жағдайы өте жақсы. Ал Ресейден келетін көліктің бәрі – «Лада». Көбі шіріп, тозығы жеткен. Үкімет осындай жеңілдік жасап, автопаркті жаңартып алғысы келген шығар? Бірақ тозығы жеткен көліктер енді қайтадан көбейеді. Осының кесірінен жол апаттары да жиілеуі мүмкін. Жанболат ЖАНШИН, БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Запрет, арест барлығын қойып жатырмыз. Тек тіркелмейтін автокөліктердің бір несі ол мына ұрлық автокөліктері, қандай да бір кузовының номерлік белгілеріне өзгерістер енгізіп, сондай автокөліктер қойылмайды. Бүгіннен бастап, 1-шілдеге дейін үлгіруі керек бәрін қойып. Ол қойыла ма, қойылмай ма, оған қандай да бір шектеуі бар ма, оған қарамау керек те, қоюы керек. Бүгінде еліміздегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары мен әкімшілік полиция басқармалары күшейтілген режимге көшіп, жұмыс уақыты ұзартылды. Бір ғана Оралдың өзінде 13 мыңдай мәшине заңдастырылған. Дегенмен бұл мүмкіндік былтыр 1 қыркүйекке дейін елімізге әкелінген шетелдік көліктерге ғана беріледі. Ал заң талабына сай келмеген техниканы қолдануға енді тыйым салынады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Көктайғақтан Қарағанды-Астана бағытында 700-тен астам көлік жолда тұрып қалды
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді