Оралдықтарға қоғамдық көлікте жүру арзандады

Оралда биылдан бастап, қоғамдық көлікте қатынауға жеңілдіктер жасалды. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, Чернобыль атом стансасындағы жарылыстың зардабын жоюға қатысқандар, І топ мүгедектері, 7 жасқа толмаған балалар және «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері автобуспен тегін қатынайды. Бұл жаңалықты қалалықтар қуана қабылдады. Өйткені игі бастаманың шарапаты мектеп оқушылары, мүгедектер мен олардың күтушілері және зейнеткерлерді де қамтиды. Енді оларға жолақының жарты бағасын төлесе де жеткілікті. Бұған дейін тұрғындар автобуста жол жүру үшін 80 теңге төлейтін. Қазір зейнеткерлер жолақыны жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік беретін билетін рәсімдеуге кіріскен.  БЛИЦ-САУАЛНАМА: - 50 теңге болса да жеңілдік қой. Бәрі жақсы, рақмет! - үлкен кісілерге жасап жатқан қамқорлық қой. Бұл маған ұнады. Бұрын 80 теңгеден төлеп жүрген, мен енді зейнеткермін ғой. - Карта алдық, карта керемет, уақытында, шапшаң тез. Енді 50 процент болғасын, көп үнемдейміз ғой енді. Оралда 26 бағыт бойынша 6 жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын қызмет көрсетеді. Жыл сайын олардың қызметін 54 миллион адам пайдаланады екен. Бірақ тасымалдаушылар қолданыстағы тарифтің шығыны көп екенін айтудан шаршаған емес. Дегенмен "аманаттықтардың" арқасында бұл салаға бөлінген қаржы тиімді жұмсалып, мәселе оңтайлы шешімін тапты. Партияның сайлауалды бағдарламасында да әлеуметтік жағдайы төмен жандарды қолдау айтылған еді. Бауыржан АТАУОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұрын-соңды мұндай 50 пайыздық жеңілдік болған жоқ қой. Сондықтан бұл біздің ардагерлерімізге, осал топтарымызға ешқандай қиындық әкелмейді деп ойлаймын. Бұрынғыдан да жеңіл болған сияқты. Біздің осы кеңес мүшелерінің құрамында осы "AMANAT" партиясының өкілдері жеткілікті, сол мәселені шешуге барлығы да өздерінің үлестерін қосты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
«Менің жасым үлкен»: Черчесов Адиевтің ренішіне қатысты жауап берді
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды