Оралдың іргесіндегі саяжайларды су басуы мүмкін

Орал қаласының іргесіндегі саяжайларды су басу қаупі бар. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Орал қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының тексеруі кезінде белгілі болды. Өйткені бау-бақша егуге арналған аумақ бүгінде үлкен елдімекенге айналған. Жайық пен Шаған өзендері тасығанда су басатын аумаққа жаппай тұрғын үйлер салынған. Саяжайды сағалаған ағайынға қатер төнбеуі үшін еріген қар суы мен тасыған өзеннің арынын басатын бөгет пен тоғанның ахуалын ұдайы бақылауда ұстау қажет. Ал төтеншеліктер мұндай жағдайдың жылда қайталанатынын айтады.Амангелді ЕШМҰХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ: Қазір халық саяжайлардан жаппай үй салып жатыр. Бірақ бұл аумақта мұндай баспана тұрғызуға болмайды. Өйткені, бұл жер көктемде су астында қалады. Топырағы құнарлы болуы да содан. Бірақ мұны көбі ескермейді. Сондықтан жыл сайын көктемге таман саяжай халқын ескертіп, арнайы техника бөліп, құм салынған қапшық тасып, жылда әбігерге түсеміз. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қала маңындағы су тоғандарының жағдайымен де танысты. Бүгінде шаһар аумағындағы 4 гидротехникалық құрылыстың бірін күрделі жөндеу керек. Өйткені су жүретін құбыры опырылған бұл тоғанның іргесінде Ынтымақ ауылы орналасқан. Осы елді мекенді су баспауы үшін ауылды айнала қазылған арна да назардан тыс қалмады. Партиялықтар көктемгі су тасқынына дайындық қамын қазір барлық ауданда пысықтап жатыр. Кейін облыстық партиялық бақылау комиссиясының отырысында осы бағытта атқарылған жұмыстар баян етіледі. Нұрлан РАҚЫМЖАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қауіпті участоктер бар екенін өз көзіммен көрдім. Біздің міндетіміз енді қоғамдық бақылау. Алдағы уақытта бізде осындай жағдайлар болмасын деп тілейміз. Қар көп емес, бірақ қыс әлі біткен жоқ. Босаңсуға уақыт жоқ. Екі ай уақыт бар әлі. Осы жұмыс алдағы уақытта облыс аумағында түгелдей жалғасады деп есептейміз. Е. Карин

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада 1600-ден астам арнайы техника мен 2,6 мың жол жұмысшы қар күреуге шықты
Рыбакина Дубайдағы турнирде топжарды
«Бірге екен ғой»: Жұлдыз Әбдукәрімова Қайрат Нұртаспен видео жариялап, желіні шулатты (ВИДЕО)
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды