«Орман мекемелеріндегі техниканың 55 пайызы табиғи өртті сөндіруге қауқарсыз», - ТЖМ

Орман мекемелеріндегі техниканың 55 пайызы табиғи өрттерді сөндіруге қауқарсыз. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев айтты. Оның сөзінше, биылдың өзінде 122 орман өрті тіркеліп, келген шығын 51 млн теңгеден асқан. Жағдай әлі де күрделі болуы мүмкін. Себебі синоптиктер жаз айлары ыстық болады әрі жел күшеюі мүмкін деген болжам жасап отыр. Бұл орман және дала өрттерінің өршуіне әкеп соғады дейді мамандар.Ибрагим КҮЛШІМБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Өңірлердегі температуралық фонның ұлғаюы және екпінді желдің салдарынан өрттердің тез өршуі тұрғын үй секторында өрт жағдайын нашарлататынын айта кету керек. Жанған құрғақ шөп тұрғын және саяжай үйлеріне ауысуының 14 жағдайы тіркелді. Елімізде орман өртінің 55% найзағай разрядтарынан тұтанған. Ал 12 өрт тұрғындардың кінәсінен болған. Премьер-Министр жаз айларында табиғат аясындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салу, сондай-ақ қажет болған жағдайда орман алқаптары аумағында демалатын азаматтардың санын шектеу бойынша заңнамалық мүмкіндікті белсенді пайдалану қажет деді. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Қазгидрометтің болжамы бойынша биылғы жаз мезгілі жылдағыдан ыстық әрі құрғақ болады деп күтіліп отыр. Әсіресе, еліміздің батысы мен шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі күшеюі мүмкін. Сондықтан, төтенше жағдайлардың алдын алуға баса көңіл бөлу керек. Қазірдің өзінде кейбір өңірлерде күрделі жағдай қалыптасып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Алматы маңында жер сілкінді
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі