Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдегі өрт алаңы айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті.Өртті сөндіру бойынша жұмыс тәулік бойы негізінен екі бағытта – Жерновка, Шүлбі және Каштак ауылы аумағында жүргізіледі. Табиғи өртті сөндіруге атсалысқан барлық күштердің арқасында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, Каштак ауылының ауданында жеке құрамнан 200 адам, 30 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылды. Жерновка-Шүлбі ауданында 300 адам, 40 бірлік техника және 9 тікұшақ бар. «Соңғы күндері өрттің көлемі айтарлықтай азайғанын, өртті сөндіру жұмыстары тұрақты бақылауда екенін айту керек», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.Нұрлан Ұранхаев.