Өрт сөндіруші Асқар Забикулин жайлы телехикая «Астана» арнасыннан көрсетіледі

Марқұм өрт сөндіруші, батыр Асқар Забикулиннің өміріне негізделген телехикая «Астана» телеарнасыннан көрсетіледі. Құтқарушы былтыр Астанадағы тұрғын үйде шыққан өрттен адамдарды құтқарып, қаза болған. Бұл драмада батырдың балалық шағынан бастап, жұмысының соңғы күніне дейінгі оқиға қамтылған.Оқиға желісі Асқар Забикулиннің өміріндегі деректерге негізделген. Көрермен кейіпкерлермен танысып, өрт-сөндіру қызметінің қыр-сырын біліп, қиындықтарына куә болады. Қаза тапқан құтқарушының рөлін актер Жандос Сейдәлі сомдайды. Оның айтуынша бұл түсірілім физикалық және психологиялық тұрғыда үлкен дайындықты талап етіпті. Жандос СЕЙДӘЛІ, АКТЕР:Асқардың бар жақсы жағынан көрсетіп, көрерменнің көңілінен шығатын дүние болатынына сенімдімін. 01:08 Осы жерле нағыз өрт сөндірушілердің күнделікті жұмысы-тіршілігін көріп жатырмыз. Өздерінің боевкасы болады, арнайы киім-жабдықтармен ол өте оңай емес нәрсе екен, соның бәрін кие тұра қаншама 30 киллограмдай жабдықпен соның үстіне өрт сөндіріп және адам құтқару керек екен, өте ауыр жұмыс екенінк көзіміз жетіп жатыр. Телехикаяның атауы - «Қаһарман». Авторлар осы атқа тоқталуды да жоспарлап отыр, себебі оның ерекше мағынасы бар. Сериал халыққа, әсіресе жас буынға өрт сөндіру қызметіндегі құтқарушылардың жұмысы мен ержүректігін дәріптеуге бағытталған.Дәулет БЕКМАҒАНБЕТОВ, РЕЖИССЕР:Бұл өмірде болған оқиға және де бір жыл болған жоқ бұл оқиғаның өткеніне бүкіл ел болып Асқар бауырымызға дұға еткен кездер міне кеше болғандай. Сондықтан да болған оқиғаның желісімен түсірілгеннен кейін көрермен қызығады деп ойлаймын 02:12 Асқарды әрине одан кейін зерттей бастадым, біраз қарадым, 04:29 Білмеймін оны біреу байқады ма, Асқар Забикулиннің инстаграмдағы ең бірінші суреті 14 жылы түсірілген, жаңағы жк Қаһарманның фонында түскен сурет екен. Ондай нәрселерге көп сене бермеймін, бірақ бұл факт. 05:21 Негізі Асқар өз ісінің фанаты болған. 07:53 Өрт сөндірушілерлің жұмысы сондай. Телехикаяны түсірер алдында кейіпкерді толықтай зерттеген. Мектеп кезінен бастап, отбасы, қызметтік жолына дейінгі кезең оқиға желісіне енгізілген. Айдар КӘРІМБАЕВ, АТҚАРУШЫ ПРОДЮСЕР, СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ:Халықтың өзі бұл жобаны сұраған секілді. Барлық әлеуметтік желіні бұл қайғылы жағдай шарлап өтті. Көп адам хабарласып, жазып, туған туыстарына көңіл білдірген болатын. Біз содан кейін Асқардың келіншегіне хабарласып, рұқсат сұрадық. Бұл өрт сөндірушілер туралы, шындыққа негізделіп түсіріліп жатқан алғашқы жоба. Бұл оқиға өте ерекше әрине, өзінен басқа барлығын құтқарған батыр жайлы. Туындының авторлары көрермендерге отбасылық құндылықтар мен шынайы достықты сақтаудың маңыздылығын жеткізгісі келеді. Қаһарман құтқарушының өміріне негізделген драманың тұсауакесері жуырда "Астана" телеарнасынанан көрсетілмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты