Өрт сөндірушілер 8 айлық сәбиді құтқарды

Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесінен түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына санаулы минуттарда жетіп, 6 қабатты тұрғын үйдің 6 қабатында орналасқан пәтерді түтін басқанын анықтады. Құтқарушылар  пәтер есігінің сыртынан құлыпталуына байланысты азаматтық қорғау сержанты Б. Саясатовтың басқаруындағы автосатының көмегімен терезе арқылы бөлмеге өтіп, пәтерде кішкентай баланың бар екенін анықтады. Азаматтық қорғау аға сержанты А. Курманиязов 8 айлық сәбиді түтіннен қорғау үшін қалың көрпеге орап, пәтерден алып шықты. «Апаттар медицинасы орталығының» қызметкерлері баланы тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Құтқарушылардың жедел іс әрекетінің нәтижесінде жанудың өртке ұласуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Аталған шақыртуға Атырау облысы ТЖД 10 қызметкер 3 бірлік техника және «АМО» ММ 3 қызметкер, 1 бірлік техника қатысты. ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын тұрмыстағы, пәтердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады,-деп жазады azh.kz. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шариғат бойынша әйел жолдасының ата-анасына қызмет етуге міндетті ме?
Күзге арналған жұлдыз-жорамал: кімдердің жолы болады?
Германия Еуро-2024 турнирінің ширек финалына шықты
Түркістан облысында қыш күйдіретін құмбыз пештің орны анықталды
Қазақстанда жасанды интеллект ұлттық орталығы ашылады
Мен жалынғанды ұнатпайтын адаммын: Әлішер Кәрімов Димаш Құдайбергенмен не үшін араласпай кеткенін айтты
АҚШ Украинаға HAWK зымырандарын көбірек береді
Шымкенттік полицей интернет алаяқтарының схемалары туралы айтып берді
Павлодар облысында өзін атып жіберген полицей комаға түсті
Астанада жас жауынгерлер әскери ант қабылдады
Интернет-алаяқтар тағы бір министрдің атынан жалған хабарламалар таратып жатыр
Саясат Нұрбек ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады
Ұрып-соғып, балағаттаған: Ақтауда полицейлердің ер адамды күштеп ұстаған видеосы тарады
Қарызға батқан жағдайда не істеу керек?
Қырғызстандағы сел: қаза тапқан 4 баланың денесі Қазақстанға жеткізіледі
Түркістан облысында құрғақ шөп өртенді
Еуроодақ Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізді
Аида Балаеваның атынан жалған хабарламалар тарап жатыр
Интернет алаяқтар министр Аида Балаеваның атынан жалған хабарламалар таратып жатыр
Жалғас Жұмағұлов АҚШ-та грэпплинг турнирінде жеңімпаз атанды
Шағын БАҚ пен блогерлер үшін 7 миллион теңгеге дейін грант тағайындалды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Жетісу облысында жоғалып кеткен бала табылды
Путин зымыран өндіруді қалпына келтіруді талап етті