Әлем елдері Орталық Азияға айрықша назар аударуда. Бұл тұста «С5+» үлгісіндегі ықпалдастық¬тың өзектілігі артып келеді. Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «С5+» үлгісін жоғары бағалады. Орталық Азия елдері үшін аталған формат маңызды диалог алаңына айналғанын айтты. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан. Бұл бес мемлекет- Орталық Азиядағы терезесі тең елдер. Аумағы бойынша еуропалық одақпен тең. Алайда экономикалық өсімі жекелеген тұрғыда көңіл көншітпейді. Сондықтан С5+ үлгісіндегі ықпалдастық бүгінгі таңдағы экономикалық үйлесімді арттыруға және саяси кедергілерді жою мақсатында құрылған ұтымды әрі тиімді одақтастықтың негізі болып тұр, дейді халықаралық сарапшылар. Риззат ТАСЫМ, САЯСАТТАНУШЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ: С5+ форматы өзінің жиырма жылдық тарихында кең ауқымды форматқа айнала алды. Ең бастысы бұл өзара қажет емес бәсекелестікті тудырмай ортақ Орта Азиялық күн тәртібін шығаруға мүмкіндік берді. Басты нәтиже -сыртық маңызды факторларға да тиімді және жалпы Орталық Азия мемлекеттеріне тиімді. Аталған формат сыртқы саясатта ғана емес, ішкі өзара ықпалдастықта да жемісті нәтиже көрсетіп отыр. Себебі одақтас 5 мемлекеттің табиғи тұтастығы да, шекарасы да ортақ. Сондықтан мәселесі де, шешімі де ортақ дейді,-саясаттанушы Ғазиз Әбішев. Ғазиз ӘБІШЕВ, САЯСАТТАНУШЫ: Ішкі мәселелеріміз көп. Бұл су мәселесі өте маңызды және басқалар, шекара мәселесі. Қырғыстан мен Тәжікстан арасында және басқалар. Инвестиция мәселесі, миграция мәселесі. Сондықтан біз бір-бірімізбен жұмыс жасап, осы мәселелерді бірге шешуіміз керек. Мемлекет басшысы сұхбатында қазіргідей аумалы-төкпелі гео¬саяси жағдайда бізге шетелдік серік¬тес¬теріміздің бәрімен, әсіресе, көрші¬лерімізбен өзара тиімді ынтымақ-тастықты дамыту маңызды деді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Тұрақты әрі өзара сенімге негіздел¬ген жоғары деңгейдегі диалогтар болмаса, аймақтағы мемлекеттердің басқа да ықпалды елдермен қарым-қаты¬насын қарқынды дамытуы неғай¬был еді. Соңғы жылдары бұл бағыт¬та біршама ілгерілеу бар. Әсі¬ресе, Орта¬лық Азия мемлекеттері басшы¬лары¬ның жыл сайынғы консуль¬татив¬тік кездесулері нәтижелі өтіп келеді. Өткен жылы С5+ форматында да көптеген кездесу өтті. Соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америка Президенті Джо Байденмен жолыққаны баршаға белгілі. Қазақстан төраға ретін¬де биыл да осындай үлгідегі кез¬десу ұйымдастырады. Бұдан өзге, 2024 жылы еліміз өңірлік және халықаралық деңгейдегі бірқатар ықпалды ұйымдар мен бір¬лестіктерге төрағалық етпек.