Орталық Азияда әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраған

Алматыда ЕО мен БҰҰ гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия Альянсы құрылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.Бұл инновациялық бастама гендерлік зорлық-зомбылықпен күресуге және бір мезгілде гендерлік теңдікке қатысты тұрақты даму саласындағы 5 мақсатқа бағытталған. Альянс гендерлік теңдікті ілгерілетуді, азаматтық қоғамды нығайтуды және өңірдегі гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуды мақсат етеді. Іс-шара ЕО, БҰҰ, Орталық Азия елдерінің, дипломатиялық корпустың, азаматтық қоғам ұйымдарының, БАҚ және жастар бірлестіктерінің 70-тен астам өкілі жиналды.Еуропалық Одақ, Орталық Азия елдері және БҰҰ серіктестері әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрін жою үшін бірлесіп жұмыс істеуде. Біз «Spotlight» бастамасы аясында күш біріктіреміз және жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықты жою бойынша Орталық Азия Альянсын құрамыз, бұл бәрімізге заманауи және әділ қоғамды қалыптастыруға көмектеседі, - дейді ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас. Іс-шара барысында қатысушылар атқарған жұмыстарын талқылады. Сондай-ақ әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күресте кездесетін өзекті мәселелерді талқылады. Біз өңірдегі барлық серіктесті гендерлік зорлық-зомбылықты жою үшін осы маңызды күш-жігерге қосылуға шақырамыз. Бірге жұмыс істей отырып, біз ортақ күшімізді қорғаныс тетіктерін нығайту және зардап шеккендерге әділеттілік пен қолдау көрсеткенін қалаймыз. Осы бағытта бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Болашақта нәтижесін береді деген сенімдемін, - дейді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори.Орталық Азия альянсы басқа өңірлерде гендерлік теңдік, жаһандық қозғалысқа үлес қосуға бар күш жігерін салмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
Қазақстан шорт-тректен Сеулдегі World Tour кезеңінде бесінші орын алды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады