Орталық Азиядағы құқық үстемдігі жөніндегі бағдарламаның қорытынды конференциясы өтті. 2020 жылы іске қосылған бағдарлама бес елдің Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан билік органдарымен тығыз үйлестіре отырып, аймақты тәсілдемені жолға қойылған екіжақты жұмыспен ұштастыра отырып жүзеге асырылуда. Адам құқықтарын, демократия мен құқық үстемдігін нығайту арқылы азаматтардың өмірін жақсарту -Еуропа Одағы мен Еуропа Кеңесі қаржыландыратын және Еуропа Кеңесі жүзеге асыратын Орталық Азияда құқық үстемдігін орнату бағдарламасының басты мақсаты. Басқосуға бес елден 80- ге жуық өкіл мен мүдделі минстрліктер, Жоғарғы соттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының қызметкерлері қатысты. Клаус НОЙКИРХ, ЕУРОПА КЕҢЕСІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Орталық Азиядағы құқық үстемдігі жөніндегі бағдарламаның қорытынды өңірлік конференциясына қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Қазақстан осы конференцияға үшінші рет қатысып отыр және осы уақыт ішінде біз Қазақстан мен Қырғызстанға Конституцияға қатысты кейбір ұсыныстар бердік. Біз сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес бойынша бірнеше семинарлар өткіздік. Жалпы, біз нәтижелерге ризамыз.