Орташа жалақы - 382 мың теңге

Елдегі орташа айлық -382 мың теңге. Бұл біраз адамды дүрліктіргені рас. Бірақ арамызда миллиондап еңбеақы алатын мамандық иелері де бар. Кімдерге жоғары жалақы төлейді? Бір жылда елдегі орташа еңбекақы 12 процентке артқан. Оның көлемі 382 мың теңгеден асты. Бірақ жалақыға жан бағып отырған азаматтарды бұл көрсеткіш таң қалдырғаны рас. Бір қарағанда отандастарымыздың еңбекақысы азық-түлік бағасынан да тез өсіп жатқандай көрінеді. Бірақ, шындығына келгенде халықтың қолына түскен айлығы шайлығынан артылмайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше еңбекақы Батыс Қазақстан облысында ең көп көтерілген. 18,2 пайызға. Алматы қаласында – 16,4, Ақтөбе облысында – 16, Павлодар облысында – 15,9 процентке өсіпті. Кейбір мамандық иелері елдегі орташа деңгейден айтарлықтай көп жалақы алатын көрінеді. Мәселен, тау-кен өнеркәсібінің жұмыскерлеріне орташа есеппен 864 мың теңге жалақы төленеді. Ал ІТ саласының мамандары 938 мың теңге алады. Миллионер мамандықтардың қатарына жолаушыларды тасымалдау қызметі, қаржылық және сақтандыру қызметі, Шикі мұнай және табиғи газ өндіру саласы кіреді. Республика бойынша 175 мыңға жуық азық-түлік дүкені бар. Басым бөлігі Алматы қаласында. 33 мыңнан асып жығылады. Елордада 24 мыңға жуық. Мың адамға шаққанда ең көп дүкен Ақтауда. Шамамен 27. Оралда 19, Атырауда 18 дүкеннен келеді. Ең азы Қарағанды мен Павлодарға тиесілі. 8,9 және 7,6 дүңгіршектен келеді. Елімізде тауарлық газ бағасы өсуі мүмкін. Энергетика министрлігі көгілдір отынның көтерме құны әлемдегі ең төменгі бағалардың бірі екенін айтты. Шамамен текше метрі -20 640 теңге. Ал көршілес Ресей Федерациясында 35 мың теңге. Болжам бойынша газ бағасына 3 теңге қосылуы мүмкін. Жауаптылар бұл ішкі нарықты тұрақты және үздіксіз газбен қамтамасыз етуге және газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді деп есептейді. ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ: Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушылар газ саласының рентабельсіздігіне байланысты газ кен орындарын игеруге мүдделі емес. Осыған байланысты тауарлық газды өндіру төмендеу үрдісі бар. Қазіргі жағдай тауарлық газ тапшылығына қауіп төндіреді, оны қымбат импорт есебінен жабуға тура келеді. Сондықтан 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап көтерме бағаларды түзету мәселесі қарастырылуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қара бауыр қасқалдақ»: Желтоқсан оқиғасын суреттейтін әйгілі әннің шығу тарихын білесіз бе
Күдікті ұсталды: Алматыда белгісіз біреулер 20 жастағы жігітті пышақтап кетті
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды