Орташа мөлшері 1,5 миллион теңге: Жеңіс күніне орай ардагерлерге бюджеттен бір реттік төлем берілді

Еліміздің бірнеше аймағында соғыс ардагерлеріне 9 мамырға орай жергілікті бюджеттер есебінен біржолғы ақшалай төлемдер берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бүгінгі таңда Қазақстанның барлық өңірі мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ардагерлерге арналған бір реттік төлем үшін жергілікті бюджеттерден барлығы 187 миллион теңге бөлінген.Әлеуметтік көмек көрсетудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес 9 мамырға орай берілетін біржолғы төлемдер сомасы жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктеріне және мәслихаттардың шешімдеріне байланысты әр облыста дербес белгіленеді. Айта кетері, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы бойынша соңғы жылдары көптеген облыста ардагерлерге төлемдер бірыңғай мөлшерде төленеді. Мәселен, биыл республика бойынша біржолғы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1,5 млн теңгеге тең. Бұл ретте көптеген өңірлерде орташа мөлшерден жоғары сома төленді: Ақмола облысында – 3 млн теңге, Ақтөбе облысында – 2 млн теңгеден астам. Абай, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астана және Алматы қалаларында ҰОС қатысушылары 2 млн теңгеден алды. Бүгінде республикада Екінші дүниежүзілік соғыстың 148 ардагері тұрады. Оларға әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлеріне қарамастан ай сайын 16 АЕК (2024 жылы 59 072 теңге) мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Қайтқан активте қайыр бар
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Жалдамалы тұрғын үйге берілетін субсидияны қалай алуға болады?
Тұман, көктайғақ, жел: 26 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
Он қалада ауа ластанады
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Жылан жылы қандай болады? Қазақстандық астролог жауап берді
Бизнесті буындыратындар да бар
Қайтқан активте қайыр бар
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды