Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы мен екі өңірде ТЖД бастығы пара алды деп айыпталды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты комитет төрағасы және департамент басшылары жемқорлық күдігіне ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғары лауазымды шенеуніктер арасында жемқорлықтың жүйелі фактілерін анықтау аясында Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, осы ведомствоның бөлімше басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолын кесті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жартыжылдық қорытынды отырысында төраға Асхат Жұмағали хабарлады. Айталық, жасырын іс-шаралардың нәтижесі бойынша ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары парақорлықпен әшкереленді. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деп күдіктенеді. Пара сомасы - 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейін. Бұдан басқа, ТЖМ өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасаған. Күдіктілер ұсталып, изоляторға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Аталған лауазымды адамдардың басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
«Барыс» хоккейшілері 2025 жылды жеңіліспен бастады
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді