«Өртті сөндіруге адамдар неліктен жеке көлігімен барған» – депутат

Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған лауазым иелері қылмыстық жазаға тартылады. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осылай деп мәлімдеді. Орман өртіне байланысты арнайы тергеу тобы құрылды. Жұмысы екі айға созылуы мүмкін.Мәжіліс депутаттары алдымен орман өртінен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Артынша, қоғамда өзекті болып тұрған орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтар бойынша заң жобасын талқылады. Кем кетіктерді түзетудің жолы айтылды. Депутаттар бұған дейін де орман шаруашылығындағы өртке қарсы және құтқару қызметінің жұмысын жүйелеуді бірнеше рет көтерген. Бірақ нақты нәтиже болмағанын Абай облысындағы жағдай көрсетті. Нұртай САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Семей орманы» орман табиғи резерватының балансында 363 техника бар. Онда неліктен адамдар өртті сөндіруге жеке көліктерімен барған? Техниканың жай-күйі қандай? Тіпті қажетті техника бар ма? Сондықтан орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын жаңартып, арнайы өртке қарсы техникамен толық жабдықтау қажет. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, Абай облысындағы алапат өрт дерегі бойынша 2 қылмыстық іс қозғалған. Орманшылардың қайтыс болуы, өрт қауіпсіздігі, экологияға келген залалға қатысты тергеледі. Жалпы өз ісіне салғырттық танытқан лауазымды тұлғалардың барлығы жазаланатын болады. Жандос ӨМІРӘЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ең негізгісі – 14 орман шаруашылығы қызметкерінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза табуын ескере отырып, біз де лауазымды тұлғалардың салғырттығы бойынша қылмыстық іс қозғадық. Ал қазір бұл екі істі Бас прокуратура тергеп жатыр. Осы қылмыстық істі тергеу аясында өз міндеттеріне атүсті, жауапсыз қараған, соның салдарынан өзіне жүктелген міндетті орындамауынан қайғылы жағдайға және азаматтарымыздың қаза табуына әкеп соқтырған барлық лауазымды тұлға анықталады. Әзірге лауазым иелеріне қылмыстық іс бойынша статус қойылған жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты