Қарағанды қаласында өрттен 14 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды.13 қаңтарда он қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері жанды. Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.ТЖД күштері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і балалар.ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз!- электр құрылғылары мен желілерінің жұмысқа жарамдылығын қадағалаңыз!- бірнеше электр құрылғыларының бір желіге қосылуына жол бермеңіз!- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!