Президент тапсырмасы бойынша Абай облысында өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Оларға бүгін пәтер кілті табысталды. Жаңа қоныс Семей қаласындағы «Қарағайлы» шағын ауданынан берілді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек пен қолдауға марқұмдардың туыстары ризашылықтарын білдірді.Роман НҰРЖІГІТОВ, С.НҰРЖІГІТОВТІҢ ТУЫСЫ: Үкіметтің осындай, Саяттың еңбегін елеп-ескеріп беріп жатқан, осы міне артында семьясына біз енді ризашылығымызды білдіреміз.