Орын тапшылығын жою мақсатында мектептерге қосымша ғимарат салынды

Қызылордада оқушы санының өсуіне байланысты кей мектептерде орын тапшылығы орын алуда. Оны шешудің тиімді жолы ретінде қосымша ғимарат салынды. Нәтижесінде үш аусымға көшу қауіпін сейілтті.Абай атындағы үш тілде білім беретін дарынды балаларға арналған мектеп 1200 оқушыға лайықталған. Алайда бала санының көптігіне байланысты 4 мыңға жуық шәкіртті оқытуға тура келген. Сондықтан мәселені шешудің тиімді жолы ретінде қосымша ғимарат салынды. Бүгінде бастауыш сынып оқушылары заман талабына сай жабдықталған сыныптарда білім алуда. Оған ата-аналар да дән риза. Света ТӨЛЕГЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен ата-анамын. Екі балам осы бастауыш мектебінде оқиды. Қуаныштымыз осындай жаңа ғимараттың ашылғанына. Бұның ішінде барлық керектілердің барлығы жабдықталған, жарық, әрі кең. Аталмыш білім ордасында жылда бірінші сыныптарға арнап 15 класс ашылады. Сондықтан мұндай нысанның салынуы көптеген мәселенің оң шешілуіне сеп болды дейді мұғалімдер. Нұрлан ТАУБАЕВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл 1185 оқушы оқып жатыр қазіргі таңда. Және де бұл жерде 80 мұғалімдей сабақ береді. Және бұл ғимарттың артықшылығы қазіргі заманғы барлық технологиямен қамтылған. Мультимедия кабинеті, робототехника кабинеті, шахмат кабинеті, басқа да кабинеттермен қамтылған. Қалалық білім бөліміндегілер қосымша ғимарат салудың тиімділігі көп дейді. Мәселен, инфрақұрылым жүйелерін тарту мен өзге де қажеттіліктерін қамтуда қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалар өздері үйренген ғимараттан алысқа ұзап кетпейді. Биылғы оқу жылында қалада облыстық бюджет есебінен 550 және 375 орындық 4 мектеп жанынан қосымша ғимараттар пайдалануға берілген. Қанат ӘБДІҚАДІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Осы 4 ғимарат арқылы біз осы мектептердің 3 ауысымдық оқу режимінде оқуын сейілтіп, қазіргі таңда балалар қазір 2 ауысымда, жаңа ғимаратта оқып жатыр. Мемлекет басшысы «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты» деген болатын. Сондықтан да мектеп салу Үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндет болу керектігін баса айқан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Күйдіргіден қауіп көп
Күйдіргіден қауіп көп
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)