"Орындықтардың арасына қыстырылып қалыппын", -БҚО-дағы тікұшақ апатынан тірі қалған инженер

Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатының қалай болғанын ресми түрде мәлімдеді. Ми-8 тікұшағы Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Чапурино кентінің ашық аумағында қонуға мәжбүр болған.Тікұшақ Махамбет елдімекені маңайында апатқа ұшыраған. Экипаж мүшелерін іздеу тобын ауыл әкімі Бейбіт Аманғалиев басқарыпты. Ақтүтек боранда жол табу оңай болмады дейді. Омбы қардан өрт сөндірушілердің жүрдек көлігі өте алмағасын, кездейсоқ жолыққан аңшылардың қар шанасымен тікұшаққа әрең жеткен. Тірі қалған екі адамды сол шанамен кезек-кезек тасып шығарыпты. Бейбіт АМАНҒАЛИЕВ, МАХАМБЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Көз ұшында поледе қара бірдеме көрінді. Үлкен сай алдымызда. ЧС-тың машинасы өте алмайтын болды. Сосын шопырдың өзі де қорықты, мынау батып қалса біздер шығара алмаймыз деді. Жарты жолды жаяу жүрдім, жарты жолды снегоходпен жүрдім. Барып на месте қарадық. Үш адам бір жерде жатыр, бір адам бөлек жатыр. Вертолет алдыңғы жағымен түскен. Менің ойымша летчиктер бірінші кеткен сияқты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ұшқыштар ақтүтек боран кезінде жер бедерінің өзгергенін байқамай қалуы ықтимал. Осылайша тікұшақ сайдың қабағына соғылған болуы мүмкін дейді. Манарбек КУШАЛИЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Лягошинская доля деген сай-сала бар. Боран деген бұрқырап тұрады өне-бойы. Анау боранның уақытында ұшып келе жатып, одан төмен қарай түсіп, жоғары шығатын уақытта сол арада шығатын жерінде соғылып тұр ғой. Ал ғайыптың күшімен тірі қалған екі жолаушы қазір ауруханада. Солардың бірі -«Қазавиақұтқару» инженері- Сергей Щеглов. Сергей ЩЕГЛОВ, «ҚАЗАВИАҚҰТҚАРУ» ИНЖЕНЕРІ: Не болғанын да білмей қалдым. Есімді жисам, басымнан қан ағып жатыр екен. Орындықтардың арасына қыстырылып қалыппын. Өздігімнен шыға алмадым. Сол кезде құтқарушылар жетіп, бізді шығарып алды. Жігіттерге алғысым шексіз. Тікұшақ өртенсе аман қалуымыз екіталай еді. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр соққыдан екі науқастың да миы шайқалған. Бірақ жағдайы тұрақты дейді. Еркін АҚБАЛИН, ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Келіп түскендегі жағдайлары санасы анық. Жалпы жағдайы орташа болды. Барлық сұрақтарға жауап берді. Қазіргі жағдайда екеуі де нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Бас миының жабық жарақаты, екінші науқастың жоғары ерні және төменгі ернінің жарақаттары. Түнде ұйықтап шықты. Барлық шаралар жасалды. Тікұшақ апатынан 4 адам қаза тапты. Олардың балалары кәмелетке толғанша ай сайын әкесінің жалақысы мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Руслан ИМАНҚҰЛОВ, ҚР ТЖМ РЕСМИ ӨКІЛ: 2021 жылы жасап шығарылған Ми-8 тікұшағының әуеде ұшуы сағатына 250 сағат, 2023 жылдың 17 қаңтарында Атырау қаласында мерзімді техникалық қызмет көрсетуден өткен болатын. 2030 жылы әуе кемесі алғашқы күрделі жөндеуден өтуі тиіс еді. Тікұшақ пайдаланылған сәттен бастап ұшуға жарамдылығына әсер ететін ақаулар мен ескертулер болған жоқ. Тікұшақты әзірлеген зауыт өкілдері оқиға орнына баратын болады. Экипажда білікті, жоғары тәжірибелі мамандар болғанын атап өткім келеді, олардың әуеде ұшу сағаттары да аз емес. Еркін КАРИН, ТІЛШІ: Бұған қатысты қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе кемесінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың себебін екі ведомствоның өкілдері тексереді. Тікұшақты құрастырған зауыт өкілдері де оқиға орнына барып, мән-жаймен таныспақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Жек көремін”: Белал Мухаммад Шавкат Рахмоновты сынады
Басы дауға қалған Черчесов қазақша жазба жариялады
Жаңа жылда қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған