ОСК 30 жылдық тарихында 39 ірі сайлау науқанын өткізді

Орталық сайлау комиссиясы 30 жылдық тарихында 39 ірі елдік сайлау науқанын өткізді. Бұл туралы аталған комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.«Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың кезеңділігін, халықтың түрлі әлеуметтік топтарының билік органдарында өкілдік етуін, сайлау органдары қызметінің ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді. Көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отырып, Қазақстан еркін және бәсекелі сайлау өткізу бойынша өзіне қабылдаған барлық міндеттемені ұстанады. Мемлекет басшысының, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, сондай-ақ әкімдердің сайлауы біздің елімізде ұлттық заңнамаға және адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықарлық пактіге, ЕҚЫҰ Копенгаген кеңесінің құжатында қамтылған демократиялық сайлаудың жалпыға бірдей дамыған қағидаттарына сәйкес өтеді», - деді Нұрлан Әбдіров «Конституциялық реформа және сайлау жүйесі» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы барысында.Оның атап өтуінше, Орталық сайлау комиссиясының құрылған сәттен бергі эволюциясының кезеңдері елдің егемендігінің, оның институттарының қалыптасу тарихымен, олардың дамуымен тығыз ұштасып отырды. Келесі 10 жылдықтарда сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесін жетілдіру жалпы кезеңдік саяси эволюция процестерінің аясында өтті. «Бүгінгі таңда республика азаматтарының сайлау құқықтарының сақталуына кепілдік беретін толыққанды заңнамалық база құрылды. Еліміздің сайлау органдары осы жылдардың ішінде сайлау демкратиясын дамытуда маңызы үлкен 39 ірі елдік сайлау науқанын өткізді. Атап айтқанда 3 референдум, республика Президентінің – 7, Парламент Сенаты депутаттарының – 11, Парламент Мәжілісі депутаттарының – 8 және жергілікті өкілдік органдар мәслихаттар депутаттарының – 8 сайлауы. Бұл ретте 5 елдік науқан – ел Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөніндегі референдум, Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжіліс депутаттарын, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау 1 жылдың ішінде, 2022 жылдың маусымынан бастап өткізілді», - деді ОСК төрағасы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Аникор қызметкерлері арасында спорттық жарыстар өтті
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның тағы бір өңірінде жолдар ашылды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз