Орталық сайлау комиссиясы бүгін «AMANAT» партиясы ұсынған кандидаттарды тіркеді. Барлығы Конституция мен «Сайлау туралы» заң талаптарына сай. Квота нормасы толық сақталған деді. Айта кетейік, Мәжілісі сайлауына «AMANAT» партиясынан 90 кандидат ұсынылған. Оның 29-ы – әйел, жастар мен мүгедектігі бар адамдар.Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Бүгін солардың ең негізгі қорытындысын алып отырмыз. Біздің кандидаттарымыздың барлығы сайлауалды кампаниясына қатысуға, сонымен қатар барлық заңның талаптардың орындалғанына куәгерміз. Сол себептен Орталық сайлау комиссиясынан тіркеу қағаздарын алып отырмыз. Б. Сатуов