ОСК Мәжіліс сайлауының ресми қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы бүгін Мәжіліс сайлауының ресми қорытындысын жариялады. Саяси науқанға 6 млн 366 мың 441 сайлаушы қатысып, өз таңдауын жасаған. Нәтижесінде, «Ақ жол» партиясы - 8,41 процент, «Amanat» партиясы - 53,90 пайыз, «Ауыл» партиясы - 10,90 пайыз дауыс жинады. Ал «Жалпы социал демократиялық» партиясына сайлаушылардың 5,20 проценті дауыс берген. «Байтақ» партиясы ең аз дауыс жинаған, оған респонденттердің 2,30 пайызы ғана дауыс беріпті. Сондай-ақ, Қазақстан халық партиясы – 6,80 пайыз, «Respublica» партиясы – 8,59 пайыз дауыс жинаған. Ал «бәріне қарсымын» деген нұсқаны сайлаушылардың 3,90 пайызы таңдаған. Нәтижесінде 5 проценттен көп дауыс жинаған 6 партияның өкілдері Парламент Мәжілісіне барады.Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Дауыс берудің қорытындыларына қарай, депутаттық мандаттар саяси партияларға төмендегідей бөлінеді. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы - 6, «Amanat» партиясы - 40 «Ауыл» партиясы - 8, «Жалпы социал демократиялық» партиясына 4, Қазақстан халық партиясы – 5, «Respublica» партиясы – 6. Мәжіліске бір мандатты жүйе бойынша сайланған депутаттардың да тізімі белгілі болды. Астана қаласынан Дәулет Тұрлыханов пен Дәулет Мұқаев, Алматыдан Ермұрат Бәпи, Ерлан Стамбеков пен Бақытжан Базарбек, ал үшінші мегополис Шымкенттен Данабек Исабеков пен Болатбек Нәжметдинұлы мәжілісмен болды. Ал қалғандары облыстардың атынан түсті. Осылайша бір мандатты округтер бойынша 29 депутат Мәжіліске сайланды. Сондай-ақ, сайлау күні заңды бұзған учаскелік комиссияның 19 мүшесі дереу шеттетілген. Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша, дауыс беру күні 42 адамның тарапынан құқықтық бұзушылықтар тіркеліп, олардың барлығы жауапқа тартылды. Олардың ішінде 7 учаскелік комиссия мүшесіне әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бабы бойынша айыппұл салынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Белал Мухаммад Хабиб Нурмагомедовтің залында жаттығып жүр (ВИДЕО)
СҚО құтқарушылары Жаңа жылда екі бірдей құтқару операциясын жасады
Елена Рыбакина күтпеген мәлімдеме жасады
2025 жылдың қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Ақмола облысында бірнеше автомобиль жолы ашылды
Колумбияда 6 тоннаға жуық кокаин тәркіленді
Қазақ тілі үшін сынға қалған Черчесов қазақша тілек арнады
Шымкентте жаңа жыл түні мыңнан астам адам полицияға хабарласқан
"Бір қабатты Шығыс": Алтай қаласында 16 отбасы қоныс тойын тойлады
Бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мөлшері артты
Ұшақ апаты: Қазақстан мен Ресейдің мамандары қара жәшікті ашуға қатысады
«Ердің жасы»: әнші Сәкен Майғазиев елу жасқа толды
Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында қанша табыс тапқаны белгілі болды
Астанада жаңа жыл түнінде 10 сәби дүниеге келді
Абай полициясы жаңа жыл қарсаңында болған ерекше оқиғалармен бөлісті
Шерзаттың әпкесі халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Үш облыста жол жабылды
Алматыда түнгі уақытта төбелескен студенттер жаңа жылды темір торда қарсы алды (ВИДЕО)
Ақтөбе облысы: Шалқарда 58 отбасы баспаналы болды
Алматыда Жаңа жыл түні студенттер жаппай төбелес шығарды
Алматы кафелерінің бірінде шетелдік студенттер жаппай төбелесті
Жаңа жыл түні қанша төтенше жағдай болды?
2 қаңтарда ауа райына байланысты 10 облыста дауылды ескерту жарияланды
Алматыда жаңа жыл түні қалай өтті?