Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен бірнеше кездесу өткізді. Ол делегация мүшелеріне сайлауды өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын ұсынып, сайлау заңнамасындағы реформалардың іске асырылу барысымен таныстырды. Тіркеу қорытындыларын хабарлады.Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Сайлау комиссиялары сайлаудың ұлттық заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтуі үшін барлық шараларды қабылдады. Халықаралық байқаушыларға шақыртуды қабыл алып, процеске мониторинг жүргізу үшін Қазақстанға келгендеріне алғысымды айтамын. Сайлау барысын 12 халықаралық ұйым мен 41 елден келген 793 байқаушы қадағалайды. Делегация өкілдері өз кезегінде сайлау процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты.