Өскемен атомдық физиканы дамытатын орталықтардың біріне айналуы мүмкін. "Қазақстанның ядролық қоғамы" қауымдастығының отырысында облыс әкімі Ермек Көшербаев осылай деді. Облыста «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының жетекші кәсіпорындары орналасқан. Онда елеулі ғылыми зерттеулер жүргізіліп, жоғары оқу орындары салаға қажетті мамандар дайындайды. Өскеменде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық талқыланды. Үлбі металлургиялық зауытының ғалымдары қазірдің өзінде реакторларды басқаруға болатын бериллий мен тантал қорытпасын зерттеп жатыр. Сергей БЕЖЕЦКИЙ, «ҮМЗ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Бұл ауыр жүктемелерге және жоғары температураға төтеп бере алатын өте берік металл. Егер біз термоядролық реактор құру жөніндегі халықаралық жобаға қатысатын болсақ, онда бұл Қазақстанның қосымша бейнесі, ал бұл ғылым тұрғысынан жаңалық болмақ. Өңірдегі колледждер мен жоғары оқу орындарының ядролық физика саласы бойынша мамандар даярлауда көп жылдық тәжірибесі бар. Ермек КӨШЕРБАЕВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ең бастысы, тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік бар. Ұлттық ядролық орталық көршілес Абай ауданында жұмыс істейді, онда екі зерттеу реакторы бар. Осының барлығы біздің құзырлылығымызды нығайтады, біз ядролық физиканы дамыту орталықтарының біріне айнала аламыз. Әлемдік ғылым ядролық энергетиканы дамытып жатыр. Қазақстан да бұдан шет қалмауда. Владимир ШКОЛЬНИК, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚОҒАМЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Барлық цифрлық технологиялар электр энергиясын қажет етеді. Ал оны қоршаған ортадан ең аз әсермен қалай алуға болады? Шешімдердің бірі - ядролық энергетика, бірақ онымен жұмыс істеу керек. «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы қарапайым азаматтардың атом энергиясы және оның бейбіт мақсатта қолданылуы туралы көбірек білуі үшін барлығын жасауға ниетті.