Өскеменде маршруттық автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, соның салдарынан ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, қайылы оқиға 28 қарашада сағат 6:00 шамасында Абай даңғылында болған. «Гаванский көпірі» аялдамасы маңында жол-көлік оқиғасы болды. Автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ШҚО ПД өкілдері. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.