Өскеменде баламен қайыр тілеп отырған әйел жауапқа тартылды

Өскеменде баламен қайыр тілеген әйел екі бап бойынша жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі yk-news.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде қаладағы жаяу жүргіншілерге арналған жолүсті өткелде кішкентай баламен қайыр тілеп отырған әйелдің видеосы тарады.Желі қолданушылары баланың денсаулығына алаңдап, әйелдің оған кім болып келетінін анықтау керегін жазған.ШҚО Полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, қазір әйел адам табылып, бұл дерек бойынша тексеріс жүргізілген."Қайыр тілеген әйел 2 бап бойынша, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 449-бабымен (қоғамдық орындарда тиісу), 492-бабымен (Қазақстанда тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру) жауапқа тартылды", - делінген ақпаратта.Бірінші бап бойынша 17 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелсе, екінші бұзушылық үшін оған ескерту берілген.Сондай-ақ, ПД бала әйелдің немересі екенін айтты.Полицейлер баланың туыстарында қалатыны, әлде Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілетіні туралы нақтыламады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады