18 мамыр күні таңертең Өскемен қаласының Славский атындағы жағалау көшесіндегі 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.12-қабаттағы өрт кезінде ШҚО ТЖД қызметкерлері 9 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды Оқиға орнына жедел келген ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері 9 тұрғынды құтқарған, оның 4-уі бала. Сонымен қатар 12-қабат деңгейінде автосатыны орнатқаннан кейін өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кіріскен. "Өртті жоюға жеке құрамның 35 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды, өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метр болды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі Белгілі болғандай, пәтер иесі үйден өрт шыққан кезде, өз бетімен сыртқа шыққан әрі көршілерінен көмек сұрап үлгереді, олар өрт сөндірушілерді шақырған. Өрттің алдын ала себептері – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, отпен абайсызда жұмыс істеу."Апаттар медицинасы орталығы" мен Жедел жәрдем дәрігерлері тексеру жүргізген соң, жану өнімдерімен уланған белгілері бар көрші пәтердегі 2009 және 2014 жылы туған 2 қыз бала ауруханаға жатқызылды". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі