Өскеменде өткізілген ЖІШ барысында құрамында никотин бар электрон темекі, вейп және басқа да бір реттік құрылғылар тәркіленді.Өткізілген іс-шаралар нәтижеcі бойынша 8,5 миллион теңге сомаға 2000-ға жуық құрылғы тәркіленген. "Осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБК-де жауапкершілік көзделген, санкция акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, 50-ден 500 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза көздейді. Материалдар сотқа жіберілді", - делінген хабарламада. Темекі өнімдері мен бір реттік электрон темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жалғасып жатыр. "Құрметті азаматтар! Дәрігерлердің зерттеулеріне сәйкес, вэйптер мен басқа құрылғыларды қолдану жасөспірімдердің денсаулығына, есте сақтау, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді. Ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның денсаулық жағдайына және сатып алуларына назар аударуды сұраймыз", - деді ҚМА өкілдері.