Өскемен қаласында қоғамдық моншада шыққан өрт сөндірілді. Якутская көшесінде жеке тұрған екіқабатты монша өртенген. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер ішке кіріп, барлау жүргізді. «Белгілі болғандай, жертөледегі бу бөлмесінің ағаш құрылымдары отқа оранған. Моншаға келушілер өз беттерімен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккен ешкім жоқ», - делінген ШҚО ТЖД таратқан ақпаратта.Көп ұзамай жалпы ауданы 10 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды.Жалынмен күреске жеке құрамнан 30 адам және 8 техника жұмылдырылды.