"Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады" - Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты, - деді Мемлекет басшысы. Президент егемендік декларациясын қабылдау оңайға соқпағанын айтты. Шын мәнінде, егемендік декларациясын қабылдау оңайға соққан жоқ. Еліміздің ұлттық құрамы біркелкі емес еді. Сол кездегі Парламентте, яғни Жоғарғы Кеңесте және бүкіл қоғамымызда ұзақ пікірталас, қызу талқылау болды. Құжаттың әр сөзін, әр бабын қорғауға тура келді Әлихан Бөкейхан «Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана» деген. Ел ағалары халқымыздың ардақты ұлының бұл өсиетіне адал болды. Олар жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білді. Ақжолтай құжат жұртымыздың талап-тілегіне сай жазылды, отаншыл азаматтардың ақыл-парасатының арқасында қабылданды. Олардың сын сағаттағы батылдығын нағыз ерлік деп бағалауға болады, - деді Президент.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?