Қарағанды облысында жоспарлы ота жасатамын деп көз жұмған 40 жастағы азаматтың өліміне қатысты іс тергеуге жолданды. Медициналық қызмет сапасын бақылау департаменті жүргізген тексеріс бірқатар олқылықты анықтаған. Бірақ олардың дені дәрігерлердің стандарт процедурадан ауытқуы ғана деп танылыпты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.Өйткені марқұм Төрежан Мақашов қандай да бір антибиотикке аллергиясы бар адам ретінде диспансер есебінде тұрмаған. Сондықтан отаның алдында Цевтираксон антибиотигі стандартты ем ретінде қарастырылыпты. Бірақ сұйықтықты тері астына сынама ретінде еккенде оның реакция беру уақыты қадағаланбаған. Төреженға реанимация шараларын жүргізуде дәрігерлік консилиум өткізілмегені анықталды. Сондықтан емдеуші дәрігер өз еркімен жұмыстан кеткен, ал екпе жасаған медбике басқа бөлімге ауыстырылыпты. Еске салсақ, Төрежан Мақашов облыстық ауруханаға қарашаның сегізі күні жоспарлы отаға келіп, екі күннен соң жан тапсырған. Себебі марқұмның антибиотикке аллергиясы болған. Оны Төрежанның туыстары ота жасалар кезде дәрігерлерге айтып та, жазып та беріпті. Ольга Смирнова, Қарағанды облысы медицина қызметі сапасын бақылау департаментінің басшысы: — Тексеріс құжаттары полиция департаментіне жолданды. Олар процессуалды шешім қабылдайды. Біздің тексеріс нәтижесінде стандарт процедуралардан ауытқау бойынша аурухана басшылығы әкімшілік жазаға тартылды. Ары қарай әрекеттер мен сот медициналық сараптаманы полиция тағайындап жүргізеді.